ISSN: 3105-7888, 3105-7896 mse.journal@ksph.kz

Assessment of bullying prevalence and associated factors among students in general education schools in Almaty

Original Research Public health

Assessment of bullying prevalence and associated factors among students in general education schools in Almaty

UDC: 616.89-053.2:37.026 DOI: 10.24412/1609-8692-2025-1-279-287 Page(-s): 238-248 71

Abstract

Introduction. Bullying among schoolchildren is a public health concern affecting psychological well-being and educational experience.
Objective. To describe bullying experiences, perceived school safety and self-reported effects on academic performance among schoolchildren in Almaty.
Materials and methods. In 2024-2025, 134 pupils from general education schools in Almaty completed an author-designed 25-item questionnaire. Closed-ended responses were summarized descriptively using Microsoft Excel, and open-ended responses were analyzed qualitatively.
Results. Of the respondents, 49% were aged 13 years and 46% were aged 14 years. Overall, 38.5% reported no experience of bullying, whereas 61.5% reported experiencing at least one form. A total of 47.3% indicated that bullying had affected their academic performance. The survey also described cyberbullying, perceived school safety and locations where bullying occurred.
Discussion. The findings underline the need for prevention in school and online settings, confidential reporting and psychological support.
Conclusion. The responses of 134 pupils in Almaty documented experiences of different forms of bullying and self-perceived adverse effects on academic performance. These findings support comprehensive school-based prevention, early identification, accessible reporting channels and coordinated efforts by educators, parents and pupils.

Keywords:

Full text

Кіріспе: Оқушылар арасындағы буллинг қоғамдық денсаулыққа алаңдаушылық туғызады, өйткені олар құрбандардың эмоционалды әл-ауқатына, сондай-ақ олардың әлеуметтік және оқу үлгеріміне әсер етеді. Буллинг оқушының бір немесе бірнеше басқа оқушылардың теріс әрекеттеріне бірнеше рет және ұзақ уақыт ұшыраған кезде буллинг құрбаны болып саналады [1,2].

Буллинг барлық қоғамдарда, этникалық топтарда, нәсілдерде, мәдениеттерде және географиялық аймақтарда жиі кездеседі. Дүние жүзінде буллингтің таралуы 13 пен 15 жас аралығындағы 3 оқушының бірінде болады және бұл сандар дәстүрлі буллингтің жаһандық таралу деңгейінің 35% көрсетеді. Бұл көрсеткіштер дамыған елдерге қарағанда айтарлықтай жоғары және бұл айырмашылықты Cdc Youth Risk Behavior Survey зерттеуі растайды, онда АҚШ-тағы жасөспірімдер арасында буллингтің таралуы шамамен 27% деп бағаланады [3-6]. Буллинг балалар мен жасөспірімдер үшін қолайсыз физикалық, психикалық және академиялық салдармен де байланысты. Мысалы, буллинг құрбандарының депрессия, суицидтік ойлар, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, әлеуметтік оқшаулану және жалғыздық сезімі қаупі жоғары болады. Сонымен қатар, алкогольді, никотинді және ингаляторларды қоса алғанда, заттарды қолданудың таралуы буллинг құрбандары арасында құрбан емес адамдарға қарағанда жоғары болды [7-9].

Буллинг құралдары агрессивті әр түрлі формаларды қамтуы мүмкін: 1. физикалық зорлық-зомбылық: (физикалық шабуылдарды қамтиды, ұрып-соғу және физикалық зорлық-зомбылықтың басқа түрлері); 2. ауызша буллинг: (мазақ ету және басқалар ауызша зорлық-зомбылықтың түрлері); 3. әлеуметтік буллинг: (оқшаулау, топтан шығару, қауесеттердің таралуы және әлеуметтік зорлық-зомбылықтың басқа түрлері); 4. Кибербуллинг: (интернетті және әлеуметтік медианы пайдалану басқаларды қорлау) [10-13].

ТМД-ның барлық елдерінің ішінде буллинг тақырыбындағы жарияланымдар Ресей саны бойынша жетекші орынға ие, олардың саны қазіргі уақытта 10 мыңнан асады. Сонымен қатар, Беларуссияда буллинг туралы тек 1 мыңға жуық, ал Қазақстанда 800-ге жуық. Яғни, ТМД елдерінде бұл тақырып жаңа және қазіргі уақытта мәліметтер базасы жинақталуда. Бұл ретте, елдерде ТМД қазірдің өзінде алдын алу және тоқтату бойынша түрлі шаралар әзірленуде [14-17]. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі жоғары сапалы контент мәселесі де өзекті болып қала береді. Осыған байланысты әлеуметтік медианы дамытудың негізгі мәселелерінің бірі кибербуллинг болып табылады. ҚР ДСМ Ұлттық денсаулық сақтау орталығы әрбір бесінші Қазақстандық мектеп оқушысының буллинг /кибербуллингке ұшырағанын анықтады.  Сонымен бірге,  бұзақылық салдарынан туындаған травматикалық әсерінен аурулардың даму ықтималдығын атап көрсетті. Президент Қ.Тоқаев 2020 жылы Қазақстан халқына жолдауында кәмелетке толмағандар арасында, әсіресе онлайн платформалар арқылы буллингтің таралуынан туындайтын қауіпті атап көрсетеді. Осы идеяны дамыта отырып, VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуы аясында Қ.Ж. Тоқаев буллинг мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алудың тиімді тетігін әзірлеуді тапсырды [18,19]. Қазақстанда HBSC (Health Behaviour in School-aged Children) шеңберінде мектептерде буллингке ауқымды зерттеу жүргізілуде.  Екі сатылы кластерлік іріктеу арқылы әр түрлі мектептердегі 11, 13 және 15 жастағы жасөспірімдер ұлттық деңгейде буллинг суретін алу үшін сауалнама жүргізеді. Жоба 49 ел мен аймақты қамтыды, бұл деректерді салыстыруға және мәселенің толық бейнесін алуға мүмкіндік береді [20,21].

Осы мақалада Қазақстандағы буллинг мәселесінің жан-жақтылығын және оны шешудің кешенді тәсілінің қажеттілігін ескере отырып, SWOT-талдау жүргізілді. Зерттеу буллингтің таралуы туралы статистикалық деректерді мұқият талдауға, қолданыстағы заңнаманы және оның алдын алудың практикалық шараларын зерттеуге, сондай-ақ әртүрлі салалардағы мамандардың сараптамалық бағалауына негізделген.

Мақсаты. Бұл мақаланың мақсаты - сауалнама деректері негізінде Алматы қаласы бойынша оқушылар арасында буллингтің әртүрлі формаларының таралуын кешенді талдау. Зерттеу буллингтің формаларының пайда болу жиілігін, буллингке ұшыраудағы жыныстық айырмашылықтарды анықтауға және буллингке қатысушылардың жалпы жағдайы сияқты негізгі қауіп факторлары арасындағы корреляцияны анықтауға бағытталған.

Материалдары мен әдістері. Алматы қаласының оқушылары арасында буллингтің таралуын зерттеу үшін сауалнама әдісі қолданылды. 25 сұрақтан тұратын сауалнаманы (жабық және ашық сұрақтарды қоса алғанда) авторлар әзірледі және буллингтің әртүрлі формалары мен қатысушылардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына қатысты сұрақтарды қамтыды. Сауалнама 2024-2025 жылдар арасында Алматы қаласы бойынша мектеп оқушылары арасында, соның ішінде 8 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Сандық деректер Microsoft Excel бағдарламасында әдістер арқылы өңделді, ал ашық жауаптар сапалық талдау көмегімен талданды.

Нәтижелері. Сауалнама Алматы қаласы бойынша, біріңғай Жалпы білім беретін мектептерден жүргізілді. Сауалнамаға жалпы саны 134 оқушы қатысты. Жынысы бойынша талдау айтарлықтай айырмашылықтарды анықтады. Ұлдар арасында буллингке ұшырағандардың пайызы 60,4%, ал қыздар арасында 39,6% болды. Бұл айырмашылық ұлдардың физикалық зорлық-зомбылық пен қауіп-қатерге жиі ұшырайтындығына байланысты айырмашылықтар туындатуы мүмкін. Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, 134 оқушының басым көпшілігі 13 жасты (49%) құрайды, 14 жастағы оқушылар саны 61 оқушыны (46%), 12 жастағы оқушылар (1%) және қалған (4%) 15 жастағы оқушылардан тұрады. Оқушылардың сыныптарына байланысты қазақ және орыс сыныптарынан қатар сауалнама алынып, нәтижесі бойынша: 134 оқушының 56%-ы қазақ тобынан, 44% орыс топтарынан тұрады. 

Алматы қаласы бойынша жүргізілген сауалнама қала бойынша әр ауданның көрсеткіштері төмендегі суретте көрсетілген:


Сурет 1 – Аудандар бойынша қатысушылар саны, сандық


1 суреттен көріп тұрғанымыздай, аудан бойынша ең көбі Наурызбай ауданы 25 оқушы - 18,7% көрсетсе, ең азы Жетісу ауданының оқушылары  7 - 5,2% құрайды. Қалған аудандар бойынша, 134 оқушының 14і Медеу ауданынан, 23і Бостандық ауданынан, 18і Алмалы ауданынан, 17і Алатау ауданынан, 15 оқушыдан Түрксіб және Әуезов ауданының оқушылары қатысқан. 

Мектеп оқушыларның мектепте өздерінің сезінуі бойынша, «Мектепте өзіңізді қаншалықты жиі жайлы және тыныш сезінесіз» сұрағы на келесідей жауап берген: 26,1%ы әрқашан өздерін мектепте жайлы сезінетінін, 35,1% өздерін мектепте жиі жайлы сезінетінін, 20,9% кейде, 11,9% сирек өздерін жайлы сезінетінін көрсетсе, 6% өздерін мектепте жайсыз сезінетіні байқалады. Сауалнама нәтижелері оқушылардың көпшілігінің мектеп атмосферасын оң қабылдауын көрсетеді. Дегенмен, жайлылық сезіміне әсер ететін факторлар туралы қосымша ақпаратсыз түпкілікті қорытынды жасау қиын. Мектепте буллингтің деңгейін анықтау мақсатында «Сіз мектепте буллингті қаншалықты жиі байқайсыз?» сұрағына оқушылар келесідей жауап қайтарған:  3,7%ы әрқашан, 8,2% жиі, 32,8% кейде, 35,8% сирек, 19,4% ешқашан. Яғни, оқушылардың басым көпшілігі мектепте буллингті сирек болатынын көрсеткен.

Буллингтің формаларына байланысты сұрақтың жауатары  төменде сипатталады:


Сурет 2 – «Сіз қандай буллингке ұшырадыңыз?» сұрағына жауаптар, пайызбен (%)


Жоғарыда көріп тұрғанымыздай, 38,5% буллингке мүлде тап болмағаны көрсетілген. Ал 61,5% буллингке ұшыраған, оның ішінде буллингдің формалары бойынша ең жиі кездесетіні Кибербуллингке 34 оқушы тап болған. Яғни, интернетті және әлеуметтік медианы пайдалану арқылы қорлану. Ал физикалық буллинг көрсеткіші – 14,7% немесе 20 оқушы, ауызша буллинг – 12,7% немесе 17 оқушыны көрсетеді.

Буллинг жиі мектептін айналасында немесе мектептің өзінде болады. Соған байланысты оқушылар келесідей жауап берген:


Сурет 3 – Буллингтің болуы мүмкін жерлер, сандық


3 суретте көрсетілгендей, буллингтің болуы мүмкін жерді анықтау мақсатында қойылған сұрақтың жауаптары бойынша: 35 оқушы буллингке тап болмағанын айтса, қалған жауаптар бойынша, ең жиі буллинг аймағы мектеп дәретханасында болатыны анықталды. Яғни, бұл жауап бойынша буллинг көбіне көпшіліктен тыс немесе ересектерден алшақ кеткенде көбейетіндігі байқалады. Ал, ең аз көрсеткіш сыныпта болуы мүмкін. Бұл сыныпта тәртіп пен ұжымның болуымен сипатталуы мүмкін.

Буллингтің оқу үлгеріміне әсері төменде бейнеленген:


Сурет 4 – Буллингтің оқу үлгеріміне әсері, пайызбен (%)


Жоғарыда көрсетілгендей, буллингтің оқу үлгеріміне 47,3% әсер етеді екен. Ал 28,9% оқу үлгеріміне әсер етпегенін айтады, қалған 23,8% кейде деген жауапты таңдаған. Буллингтің оқу үлгеріміне әсері оның түріне байланысты болуы мүмкін. Мысалы, физикалық буллинг сабақты өткізіп жіберумен және оқуға деген ынтаның төмендеуімен жиі байланысты, ал кибербуллинг ұйқының бұзылуына, мазасыздыққа және зейіннің төмендеуіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар оқу үлгеріміне әсер етеді.

Талқылау

Алматы қаласындағы сауалнама нәтижелері мектептегі буллингтің бірнеше түрі кездесетінін және оқушылардың бір бөлігінің оны оқу үлгерімімен байланыстыратынын көрсетті. Мектептегі қауіпсіздік сезімі, цифрлық ортадағы қатынас және педагогтер мен ата-аналардың қолдауы алдын алу шараларын жоспарлау үшін маңызды. Алайда сұрақтарға берілген жауаптар респонденттердің субъективті тәжірибесін сипаттайды; зерттеу себеп-салдарлық байланыстарды немесе Алматы қаласының барлық оқушылары арасындағы нақты таралуды дәлелдемейді.

Зерттеудің шектеулері

Бір қаладағы 134 оқушыға негізделген сауалнама нәтижелерін барлық мектеп оқушыларына тікелей жалпылауға болмайды. Іріктеу тәртібі, жауап беруден бас тарту жиілігі және сауалнаманың психометриялық валидтелуі бастапқы материалда толық сипатталмаған. Жыныс бойынша топтардың нақты көлемі көрсетілмеген, сондықтан 60,4% және 39,6%


көрсеткіштері жынысқа тән таралу тәуекелін салыстыру ретінде түсіндірілмейді. Әртүрлі сұрақтардың жауап нұсқалары мен бөлімдеріндегі пайыздар әртүрлі есептеу негізіне ие болуы мүмкін.

Ғылыми-практикалық маңызы

Жұмыстың тәжірибелік маңызы - Алматы қаласындағы сауалнама қатысушыларының буллинг түрлері, мектеп қауіпсіздігін қабылдауы және оқу үлгеріміне ықтимал әсері туралы жауаптарын мектептегі профилактикалық шараларды жоспарлауға арналған біртұтас сипаттамалық талдауда ұсыну.

Қорытынды. Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 134 оқушы арасында жүргізілген сауалнама буллингтің әртүрлі түрлерімен кездесу тәжірибесін және оның оқу үдерісіне ықтимал әсерін көрсетті. Қатысушылардың 61,5%-ы буллингтің қандай да бір түріне тап болғанын, 38,5%-ы мұндай тәжірибесі болмағанын хабарлады. Респонденттердің 47,3%-ы буллинг оқу үлгеріміне әсер еткенін көрсетті. Сауалнама нәтижелері бойынша кибербуллингтің де өзекті екені байқалды. Бұл мәліметтер мектептегі психологиялық қауіпсіздікті нығайту, буллинг жағдайларын ерте анықтау, құпия әрі қолжетімді хабарлау жүйесін ұйымдастыру және зардап шеккен оқушыларға қолдау көрсету қажеттігін айқындайды. Профилактикалық шаралар педагогтердің, ата-аналардың және оқушылардың бірлескен жұмысына, сондай-ақ цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға негізделуі тиіс. Мұндай тәсіл қауіпсіз әрі қолдау көрсететін мектеп ортасын дамытуға бағытталған.

References

  1. Alabdulrazaq RS, Al-Haj Ali SN. Parental reported bullying among Saudi schoolchildren: its forms, effect on academic abilities, and associated sociodemographic, physical, and dentofacial features. Int J Pediatr. 2020;2020:8899320. doi:10.1155/2020/8899320.
  2. Hong JS, Voisin DR, Cho S, Smith DC, Resko SM. Peer victimization and substance use among African American adolescents and emerging adults on Chicago's Southside. Am J Orthopsychiatry. 2018;88(4):431–440. doi:10.1037/ort0000247.
  3. Naveed S, Waqas A, Shah Z, Ahmad W, Wasim M, Rasheed J, et al. Trends in bullying and emotional and behavioral difficulties among Pakistani schoolchildren: a cross-sectional survey of seven cities. Front Psychiatry. 2020;10:976. doi:10.3389/fpsyt.2019.00976.
  4. Walters GD. School bullying perpetration and victimization as predictors of youth delinquency: a meta-analysis of prospective studies and data. Aggress Violent Behav. 2024;79:102010. doi:10.1016/j.avb.2024.102010.
  5. Walters GD. School-age bullying victimization and perpetration: a meta-analysis of prospective studies and research. Trauma Violence Abuse. 2021;22(5):1129–1139. doi:10.1177/1524838020906513.
  6. Wiertsema M, Vrijen C, van der Ploeg R, Sentse M, Kretschmer T. Bullying perpetration and social status in the peer group: a meta-analysis. J Adolesc. 2023;95(1):34–55. doi:10.1002/jad.12109.
  7. Gaffney H, Ttofi MM, Farrington DP. What works in anti-bullying programs? Analysis of effective intervention components. J Sch Psychol. 2021;85:37–56. doi:10.1016/j.jsp.2020.12.002.
  8. Abregú-Crespo R, Garriz-Luis A, Ayora M, Martín-Martínez N, Cavone V, Carrasco MÁ, et al. School bullying in children and adolescents with neurodevelopmental and psychiatric conditions: a systematic review and meta-analysis. Lancet Child Adolesc Health. 2024;8(2):122–134. doi:10.1016/S2352-4642(23)00289-4.
  9. Zych I, Viejo C, Vila E, Farrington DP. School bullying and dating violence in adolescents: a systematic review and meta-analysis. Trauma Violence Abuse. 2021;22(2):397–412. doi:10.1177/1524838019854460.
  10. Новикова МА, Реан АА. Влияние школьного климата на возникновение травли: отечественный и зарубежный опыт исследования. Вопросы образования. 2019;(2):78–97. doi:10.17323/1814-9545-2019-2-78-97.
  11. Хломов КД, Давыдов ДГ, Бочавер АА. Кибербуллинг в опыте российских подростков. Психология и право. 2019;9(2):276–295. doi:10.17759/psylaw.2019090219.
  12. Макарова ЕА. Буллинг как психологическое явление, изучаемое в рамках виктимологии. Вестник Таганрогского института управления и экономики. 2018;(1(27)):72–75.
  13. Новикова МА, Реан АА, Коновалов ИА. Буллинг в российских школах: опыт диагностики распространенности, половозрастных особенностей и связи со школьным климатом. Вопросы образования. 2021;(3):62–90. doi:10.17323/1814-9545-2021-3-62-90.
  14. Barzilay S, Brunstein Klomek A, Apter A, Carli V, Wasserman C, Hadlaczky G, et al. Bullying victimization and suicide ideation and behavior among adolescents in Europe: a 10-country study. J Adolesc Health. 2017;61(2):179–186. doi:10.1016/j.jadohealth.2017.02.002.
  15. Шабанова НА, Бронникова ЮО. Проблематика международного форума «Гуманизация образовательного пространства» в Год педагога и наставника: аналитический обзор. Известия Саратовского университета. Новая серия. Серия: Акмеология образования. Психология развития. 2023;12(3):276–284. doi:10.18500/2304-9790-2023-12-3-276-284.
  16. Slanbekova G, Turgumbayeva A, Umurkulova M, Mukhamedkarimova D, Chung M. The phenomenon of cyberbullying: a comprehensive literature review. J Psychol Sociol. 2024;89(2):25–37. doi:10.26577/JPsS.2024.v89.i2.03.
  17. Мамбетакунов УЭ, Мырзалиев НБ. Понятие «буллинг» в научно-психологических источниках. Бюллетень науки и практики. 2024;10(10):355–363. doi:10.33619/2414-2948/107/45.
  18. Токаев КЖ. Казахстан в новой реальности: время действий: Послание Главы государства народу Казахстана от 1 сентября 2020 года [Интернет]. Акорда; 2020. Доступно: https://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-1-sentyabrya-2020-g
  19. Токаев КЖ. Выступление Главы государства на открытии первой сессии Парламента Республики Казахстан VII созыва [Интернет]. Парламент Республики Казахстан; 2021, 15 января. Доступно: https://www.parlam.kz/ru/Home/OpenFile?culture=ru&speechId=4
  20. Жолдыбаева МО. Школьный буллинг в Казахстане: сравнительно-правовой анализ зарубежного опыта. Актуальные научные исследования в современном мире. 2021;(8-1):106–110.
  21. Абдрахманова ШЗ, Ахметов ВИ, Адаева АА, Слажнева ТИ. Факторы, формирующие здоровье и благополучие детей и подростков Казахстана: национальный отчет по результатам исследования HBSC 2018 года [Интернет]. Нур-Султан: Национальный центр общественного здравоохранения; 2019. Доступно: https://hls.kz/wp-content/uploads/2021/02/HBSC-Kazakhstan-report-2018.pdf

Declarations

Ethics approval
Исследование основано на анкетировании школьников. Результаты представлены в обобщенном виде без сведений, позволяющих установить личность участников. Медицинские вмешательства в рамках исследования не проводились.
Author contributions
Оразбай А.М. - концептуализация, сбор данных, подготовка первоначального текста; Нурбакыт А.Н. - методология, научное руководство, интерпретация, критическое редактирование; Жакупова М.Н. - методологический анализ, проверка результатов, критическое редактирование; Жумадуллаева А.Н. - систематизация данных, визуализация, участие в подготовке текста.
Conflict of interest
По заявлению авторов, конфликт интересов отсутствует.
Funding
Внешнее финансирование отсутствовало.

How to cite

Orazbay A.M., Nurbakyt A.N., Zhakupova M.N., Zhumadullayeva A.N.. Assessment of bullying prevalence and associated factors among students in general education schools in Almaty. Scientific and Practical Journal «Medicine, Science and Education». 2025;(1):238-248. DOI: 10.24412/1609-8692-2025-1-279-287.

CC BY This article is licensed under CC BY 4.0.